Трамп Орбанның өтінішін аяқ асты етті: АҚШ Мажарстанды Ресей мұнайы санкциясынан босатпайтын болды
АҚШ «Роснефть» және «Лукойл» санкцияларынан ешкімді босатпауды қадап айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Мажарстан премьері Виктор Орбанның Будапештті Ресей мұнайына қатысты санкциялардан босату жөніндегі өтінішін қабылдамады. Бұл туралы ол 31 қазанда Air Force One бортында журналистерге берген жауабында растады.
Трамптың айтуынша, Орбан «ерекше жағдай» сұраған:
«Ол бізден санкциялық тізімнен шығару туралы өтінді. Біз бұған келіспедік, бірақ ол шынымен сұрады», — деді АҚШ президенті.
Орбан болса, Мажарстанның теңізге шықпайтын ел екенін, энергия тасымалы көбіне РФ мұнай құбырларына тәуелді екенін алға тартып отыр. Ол 7 қарашада Трамппен өтетін кездесуде позициясын қайта түсіндіруге үміттенетінін айтқан еді.
Алайда Вашингтон Ресейдің ірі мұнай компаниялары — «Роснефть» пен «Лукойлға» қарсы қысымды әлсіретпейтінін мәлімдеді.
Материал авторы