Қазақстан алғашқы боп жасанды интеллект университетін құрады

01.11.2025, 14:33
16183
Қазақстан алғашқы боп жасанды интеллект университетін құрады AI generated

Америкалық Minerva университеті жобаны қолдады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан болашаққа батыл қадам жасап, жасанды интеллектке (ЖИ) мамандар даярлайтын жаңа университет құруға кірісті. Әлемде сирек кездесетін мұндай оқу орны цифрлық технологиялар саласында көшбасшы болуға жол ашады. Жоба американдық Minerva университетінің президенті Бен Нельсоннан қолдау тапты.

Нельсонның айтуынша, Қазақстанның бастамасы стратегиялық маңызға ие және елді ЖИ мен цифрлық инновациялар бойынша алдыңғы қатарға шығара алады.

«Қазақстан өршіл әрі алысқа көз тігетін мемлекет екенін көрсетіп отыр. ЖИ университетін құру — уақыт талабына жауап», — деді ол.

Маманның пікірінше, жаңа университет тек технологияларды оқытумен шектелмей, жасанды интеллекттің өзін оқу процесінің негізгі бөлігіне айналдырады. Интеллектуалды жүйелер әр студентке жеке оқу жоспарын жасап, оның қабілетін талдап, әлсіз тұстарын анықтап, нәтижесін жақсарту тәсілдерін ұсынатын болады.

«ЖИ адамның орнын баспайды, оған көмектеседі», – деп атап өтті Нельсон.

Сонымен бірге мұндай модельде оқытушының рөлі жойылмайды, керісінше күшейеді. Профессорлар енді студенттердің сыни ойлауын, логикасын және технологияның этикалық қырын дамытуға көбірек көңіл бөледі. Ал күнделікті рутинаны — тапсырмаларды тексеру, прогресті бақылау сияқты жұмыстарды ЖИ атқарады.

Бен Нельсон Қазақстанда мұндай университетті іске қосуға қажетті барлық алғышарт бар екенін айтты: жас әрі амбициялы қоғам, инновацияға мемлекеттік қолдау және мықты жоғары білім жүйесі.

«Бұл университет – студентпен бірге дамитын, үнемі жетілдірілетін тірі жүйе болуы тиіс», – деді ол.

Еске салсақ, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектке маманданған жаңа зерттеу университетін құруды тапсырған болатын.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды