«Кешір, Дональд». Канаданың премьері Трамптан кешірім сұрады

01.11.2025, 15:15
9844
«Кешір, Дональд». Канаданың премьері Трамптан кешірім сұрады MIKE SEGAR / REUTERS

Сауда соғысы кешіріммен жалғасты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Канада премьер-министрі Марк Карни АҚШ президенті Дональд Трамптан жеке кешірім сұрады. Бұған себеп — АҚШ енгізген баж салығына қарсы жасалған саяси жарнама. Карни кешірімін Оңтүстік Кореяда өткен Азия-Тынық мұхиты өңірі саммитіндегі ресми аста айтқан.

Оның айтуынша, ол Онтарио премьері Даг Фордқа аталған жарнаманы эфирге шығармауды алдын ала өтінген. Роликте Рональд Рейганның «сауда соғыстары ешкімге жеңіс әкелмейді» деген сөзі пайдаланылған. Бірақ Форд тыңдамаған — жарнама жарияланды. Трамп жауап ретінде канадалық тауарларға тарифті көтеріп, Оттавамен сауда келіссөздерін тоқтатты.

АҚШ президенті кейін Карнимен «жақсы сөйлескенін» айтты. Дегенмен байланыстарды қалыпқа келтіру бір күнде шешілетін шаруа емес — келіссөздер әлі басталған жоқ.

Азия турнесі кезінде Карни ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен де кездескен. Ол бұл диалогты екіжақты қатынастағы «бетбұрыс сәт» деп сипаттап, Канада АҚШ-қа экономикалық тәуелділікті азайтуға кіріскенін мәлімдеді.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр