11294

Алматыда екі Lexus соқтығысып, төрт адам зардап шекті

Жүргізуші рөлге ие бола алмай қалған.

Алматыда екі Lexus соқтығысып, төрт адам зардап шекті
Zakon.kz

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда екі Lexus қатысқан жол апатынан төрт жолаушы жарақат алды. Оқиға 31 қазан күні 20:20 шамасында Медеу ауданында тіркелді. Бұл туралы қалалық ПД жеткізді.

Полиция мәліметінше, Lexus жүргізушісі Татибеков көшесімен солтүстік бағытта қозғалып келе жатып, Ахундов көшесінің қиылысында рөлге ие бола алмай, екінші Lexus-пен соқтығысқан. Соққыдан кейін көлік жол жиегіндегі бағанға және жеке үйдің бетон қоршауына бір-ақ тоқтаған.

Төрт жолаушы медициналық көмек алу үшін ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейік, дәл сол түні Алматыда жеті көлік қатысқан ірі жол апаты болды. Сондай-ақ 1 қарашаға қараған түні Баума тоғайында мопед мінген жасөспірім қаза тапты.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор