16442

ОПЕК+ желтоқсанда мұнай өндірісін арттыруға келісті

2026 жылдың алғашқы үш айында өндіріс өсімі маусымдық себептермен уақытша тоқтатылады.

ОПЕК+ желтоқсанда мұнай өндірісін арттыруға келісті
AP / Bernat Armangue

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, мұнай нарығындағы сұраныс өсіп, қор деңгейі төмендеген тұста ОПЕК+ елдері желтоқсан айында өндірісті ұлғайтады. Бұл шешім ұйымға мүше сегіз мемлекеттің онлайн-жиынында қабылданды.

Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, БАӘ, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман:

  • 2025 жылдың желтоқсанында мұнай өндіруді тәулігіне қосымша 137 мың баррельге арттырады.

Бұл — 2023 жылғы ерікті қысқартулардан біртіндеп бас тартудың алғашқы қадамы.

Маусымдық ерекшеліктерге байланысты:

  • 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында өндіріс өсімі уақытша тоқтатылады.

Мемлекеттер жағдайға байланысты:

1,65 млн баррельдік бұрынғы қысқартуды толық немесе жартылай қайтарып, көлемді кезеңдеп ұлғайта алады.

Нарықты бақылауды СММК жалғастырады.

ОПЕК+ елдері артық өндіріс орын алса, 2024 жылдан бастап толық өтейтінін тағы растады.

Қысқаша: желтоқсанда шүмек сәл ашылады, ал 2026-ның алғашқы үш айында — пауза. Нарық қалай демалса, олар да солай қимылдайды.

Материал авторы