«Ақшаны бұрынғы күйеуіне бердім»: Астанада автосатуға қатысты тосын дау сотта аяқталды

Азиз Қалижан Редактор
03.11.2025, 10:40
1120
«Ақшаны бұрынғы күйеуіне бердім»: Астанада автосатуға қатысты тосын дау сотта аяқталды pixabay.com

Бұрынғы күйеу «делдал» болып шықты.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада қызық құқықтық жағдайға тап болған автосату ісі қаралды. Көлігін сатып, ақшасын толық ала алмаған әйел ақыры сотқа жүгінген.

Сот материалдарына сәйкес, тараптар 2024 жылдың наурызында көлік сату жөнінде келісімшарт жасасқан. Құны — 10,5 млн теңге. Оның 3,5 миллионы сол кезде төленген, ал қалған 7 млн теңге 21 мамырға дейін аударылуы тиіс еді. Уәде орындалмаған соң, сатушы қарызды, өсімпұлды және сот шығындарын өндіруді талап етіп арыз берген.

Ал жауапкер өзін кінәсіз санады: ол ақшаны сөзінше әйелдің бұрынғы күйеуіне берген, сол арқылы есеп айырыстық деп түсіндірген.

Сотта анықталғандай, үшінші тұлғадан түскен аударымдарда «көлік ақшасы» деген белгі жоқ. Сондай-ақ жауапкердің міндетін басқа адамға жүктейтін жазбаша келісім де болмаған. Яғни экс-күйеуінің «делдал» болатыны дәлелденбеді.

Салдарынан, сот сатып алушының міндеттемені орындамағанын мойындап, одан 7 млн теңге қарызды, айыппұлды және сот шығындарын өндіру туралы шешім шығарды.

Үкім заңды күшіне енді. Ақша әйелге толық көлемде қайтарылғаны хабарланды.

«Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті