SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мексиканың Уруапан қаласының мэрі Карлос Мансо «Өлілер күні» мерекесі кезінде атып өлтірілді. Қала алаңында тұрғындарға арнап сөйлегеннен кейін бірден оқ жаудырылған.
40 жастағы саясаткер алты рет жараланып, ауруханада қайтыс болды. Тағы бір адам жарақат алғаны хабарланды. Қауіпсіздік күштері екі күдіктіні ұстап, үшіншісін оқиға орнында көзін жойған.
Шабуылдың себебі әзірге анық емес. Мичоакан штатының губернаторы Альфредо Рамирес Бедойа бұл қылмысты ашуға барлық қауіпсіздік құрылымдары тартылғанын мәлімдеді.
Мұндай қастандықтар Мексикада жиілеп кетті. Соңғы жылдары бірқатар мэрлер мен кандидаттар сайлау науқаны кезінде немесе қызметке кіріскен сәтте өлтірілген. Соның ішінде Котиха қаласының мэрі Иоланда Санчес пен Тексистепек қаласының үміткері Есения Лару Гутьеррес бар.
Билік саяси зорлық-зомбылықтың тамырымен күресу қажет екенін мойындап отыр, алайда шабуылдар тоқтайтын түрі жоқ.
RUS