SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақтарды және мұсылмандарды қорлаған жазбалары үшін айыпталған блогер әрі модель Алика Мұхамадиева сотта соңғы сөзін айтып, өксіп жылап жіберді. Ол жасаған әрекетіне өкініп, өзімен ренжіген адамдардан кешірім сұрады.
Мұхамадиеваның сөзінше, ол қазір тек бір нәрсені қалайды — кішкентай қызының қасында болу.
«Барымды беруге дайынмын. Адам шын мәнінде бәрінен айырылғанда ғана бағалайды екен», — деді ол.
Блогер мансап қуып жүріп отбасына уақыт бөлмей кеткенін мойындады.
Мұхамадиева Threads желісінде жазған қорлаған пікірлері қоғамның ашуын туғызған соң, елден қашпақ болған. Бірақ екі күннен кейін шекарада ұсталды. Тергеу оған Қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-бөлігі бойынша айып тақты: «Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру». Бұл үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сот барысында ол сол күні ауыр күйзелісте болғанын, жақында жол апатына түсіп, алдындағы күндері әжесінен айырылғанын алға тартты. Изоляторда отырған кезде Құран оқи бастағанын да айтты.
Қоғамда оған қатысты пікір екіге бөлінген: бір бөлігі заңды қатаң қолдануды талап етсе, екінші бөлігі ана екендігін ескеріп, кешіріммен қарауды қолдайды.
Прокурор Мұхамадиеваға 4,5 жыл жаза тағайындауды, бірақ үкім орындалуын төрт жылға кейінге шегеруді сұрады — қызы 14 жасқа толғанға дейін ғана.
RUS