Абай облысында ірі жол апатынан 3 адам қаза болды
Жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысқан.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Абай облысында ірі жол апаты тіркелді.
Омбы – Майқапшағай тас жолында Toyota Avensis жеңіл көлігі Howa маркалы жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан үш адам — Toyota жүргізушісі мен екі жолаушы — оқиға орнында қаза болды.
Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі («Жол қозғалысы ережесін бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыру») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.
Оқиға мән-жайы анықталып жатыр.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші