4938

Прокурорлар Нұрәлі Әлиевке қатысы бар компанияны тексеріп жатыр

Алматыда жер сілкінісін ерте ескерту жүйесі қомақты қаржыны «жеп қойған».

Прокурорлар Нұрәлі Әлиевке қатысы бар компанияны тексеріп жатыр
Андрей Лунин

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жер сілкінісінде тұрғындарға ескерту жасамаған жүйе үшін бюджеттен миллиардтар төленген. Енді оның неге жұмыс істемегеніне құқық қорғаушылар жауап іздеп жатыр.

Алматы прокуратурасы қала тұрғындарын жер сілкінісі туралы алдын ала хабарлауы тиіс болған Азаматтарды сейсмикалық төтенше жағдайлар туралы ерте ескерту жүйесіне қатысты қылмыстық схема белгілерін анықтады. 2024 жылдың 23 қаңтарында Алматыны шайқаған жер сілкінісі кезінде бұл жүйе бір де бір хабарлама жібермеген. Ал ол үшін мемлекет ақша төлеп келген.

Тергеу дерегінше, «TNS-INTEC» компаниясының бас директоры қасақана пайда табу мақсатындa талапқа сай емес құрал-жабдық орнатқан, жұмысты толық орындалды деп жалған актілер толтырған. Осылайша аса ірі көлемдегі бюджет қаржысы жымқырылған деп күдіктеліп отыр.

Бұл компаниямен келісімшарт 2022 жылдың 25 маусымында жасалған. Сол кезде мердігердің құрылтайшысы Нұрәлі Әлиев негізін қалаған Darmen Holding болған. Кейін компанияның иесі ауысқан.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор