Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр

03.11.2025, 13:53
5181
Қазақстанда 1 миллионнан астам адам кедейлік шегінде өмір сүріп жатыр SMARTNEWS.KZ коллажы

Елімізде айына 56 мың теңгеден төмен табыс табатындар бар.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, екінші тоқсанда Қазақстан халқының 5,1%-ы күнкөріс минимумынан төмен табысқа күнелтіп отыр. Бұл — 1 миллионнан астам адам. Ал ең төменгі шек деп белгіленген 56 208 теңге қазір бір адамға бір айға жетуі тиіс ақша.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елде 185 мыңнан аса отбасының табысы осы шектен төмен. Оның ішінде 38 мыңға жуық адамға тіпті ең қарапайым азық-түлік себетін алуға да ақша жетпейді.

Қай өңірде жағдай ауыр?

Түркістан облысы – елдегі ең жоғары кедейлік деңгейі: 9%

Жетісу және Абай облыстары – тиісінше 7,8% және 7,7%

Астана – ең төмен көрсеткіш: 2,9%

Қалада кедейлік үлесі – 3,8%, ауылда – 7,3%. Яғни ауылдық қазақстандықтардың жағдайы айтарлықтай күрделі.

Отбасы неғұрлым үлкен болса — тәуекел соғұрлым жоғары

5 және одан көп адам тұратын отбасыларда кедейлік деңгейі – 9,26%

4 адам3,26%

2 адам0,38%

Жалғызбастылар0,19%

Соңғы динамика

2025 жылдың І тоқсанында – 4,5%

2024 жылдың IV тоқсанында – 4,8%

Яғни жағдай нашарлап барады. Кедейлер саны өсуде, ал азық-түлікке жалақысы жетпейтіндер екі еседен көпке артқан.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан