«Интерді» сілкіндірудің жалғыз жолы қандай? Сарапшы «Қайраттың» мүмкіндігін атады
Италияда сенсация үшін тәртіп пен эмоция шешуші болмақ
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматының «Қайраты» 6 қарашада Миланда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 4-туры аясында «Интерге» қарсы алаңға шығады. Бұл матчтан ұпай алу – ерлікке пара-пар. Бірақ Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Игорь Солошенко сенсацияға нақты шарт бар дейді.
«Дисциплина, ойын тәртібі және эмоциялық серпін ғана «Қайратқа» мүмкіндік береді. Команданың биылғы маусымы керемет өтті. Осы қарқын Италияда да көмектесуі тиіс. Біз толық қолдаймыз, жүрегімізбен бірге», – деп пікір білдірді ол.
Солошенконың айтуынша, тактикалық тәртіп бұзылса, қарсыластың деңгейін ескерсек, бір сәттік қателік-ақ «Интердің» пайдасына шешіліп кетеді.
Матч Миланның «Джузеппе Меацца» стадионында өтеді.
Материал авторы