Маңғыстауда пара алған полиция подполковнигі сотталды

08.04.2023, 13:31
504
Маңғыстауда пара алған полиция подполковнигі сотталды Zakon.kz

Бұрынғы полиция подполковнигі Тәжікстан азаматынан 300 АҚШ доллары көлемінде пара алды деп айыпталады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

2023 жылдың басында Бейнеу ауданы ІІБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі құқық қорғау органының қызметкері лауазымында бола тұра қасақана, пайдақорлық ниетпен Тәжікстан Республикасының азаматынан қылмыстық істі тоқтату туралы шешім қабылдау үшін 300 АҚШ доллары көлеміндегі ақшаны пара ретінде жеке өзі алған, делінген Бейнеу аудандық сотының баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

ҚР ҚК-тің 366-бабының 1-1-бөлігінің санкциясында  құқық қорғау органының қызметкері немесе құқық қорғау органында жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам жасаған дәл сол іс-әрекет – мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, параның 30- еселенгеннен 50 еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.Сот сотталушы Е-ның өз кінәсін толық мойындауын, шын ниетімен өкінуін және кәмелетке толмаған балаларының болуын қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар деп таныған.

 

Сотталушы Е-ның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайларға кәсiби антын бұзу мен өзінің қызмет бабын пайдаланып, қылмыстық құқық бұзушылық жасауын таныған. Нәтижесінде сот үкімімен Е.  ҚК-нің 366-бабының 1-1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған параның 25-еселенген сомасы мөлшерінде 3 474 825 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.

Алайда күзетпен ұстауда болған мерзімін есепке алып, түпкілікті 2 384 625 теңге айыппұл жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады