SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда 2022 жылғы қаңтар оқиғасында өртенген бұрынғы президенттік резиденция орнына сквер құрылды.
Жоба аясында аллеялар, ағаштар мен бұталар отырғызылып, жүгіру жолдары мен жасанды су қоймасы салынып, қыста мұнда мұз айдыны жасалмақ.
Саябақты салуға жеке демеушілер 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Олардың қатарында Нұрлан Смағұловтың Astana Group, Нұрлан Артықбаевтың Qazaq Stroy және Exclusive Qurylys, сондай-ақ Нұрлан Смағұлов қоры бар.
Жоспар бойынша скверде заманауи қоғамдық аймақтар қарастырылған:
Жасанды су қоймасы (жазда – декоративті, қыста – мұз айдыны);
Мобильді павильондарға арналған алаң;
Жерасты тұрақ;
Қоғамдық дәретханалар;
Пешеходтік баспалдақтар мен пандустар;
Екі кіреберіс, оның бірі арт-объект ретінде безендірілмек.
2022 жылы резиденцияның қалған бөліктері сүріліп, президент Қасым-Жомарт Тоқаев қала тұрғындары үшін саябақ ашу туралы шешім қабылдаған еді.
RUS