SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2 қарашада Қостанай облысында Рудный мен Лисаковск арасындағы тасжолда полиция қызметкеріне шабуыл жасалды.
Оқиға кезінде көлікті тоқтатқан полицейге пышақпен ауыр жарақат келтірілген.
Қостанай полициясы күдіктіні 3 қарашада ұстады. Ол 33 жастағы Рудный тұрғыны болып шықты. Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы, 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
RUS