Қазығұрттағы тойханада өрт шықты (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
03.11.2025, 18:18
3472
Қазығұрттағы тойханада өрт шықты (ВИДЕО) бейнежазбадан

Қонақтардың қорқып, қашып жатқан бейнежазбасы желіде тарады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында «Жұлдыз» ресторанында өткен той кезінде өрт шықты. Видеоларда қонақтар мен жас жұбайлар залдан айқайлап шығып жатқан сәттер көрініс тапты.

Әкімдіктің хабарлауынша, өрт 30 қарашада 150 шаршы метрлік банкет залында шыққан. Жалын 30 шаршы метр төбелік жабынға зақым келтірген.

Алдын ала анықталғандай, өрт фейерверк іске қосылған сәттегі электр желісінің қысқа тұйықталуынан пайда болған. Сондай-ақ, өрт қауіпсіздігі ережелерінің 86 және 224-баптары бұзылғаны анықталды. Зал иесі бұл кемшіліктерді мойындап, толық түсініктеме берген. Өрт-техникалық сараптама жүргізуге қажеттілік жоқ.

Зал иесі өрттен материалдық шығын болмағанын айтып, ешкімге шағым түсірмейтінін мәлімдеді. Алайда әкімшілік құқықбұзушылық ретінде айыппұл салынды.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан