4203

Алика Мұхамадиева қазақтарға тіл тигізгені үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды

Сот азаматтың кінәсін толық мойындауы мен кішкентай қызының болуын ескерген.

Алика Мұхамадиева қазақтарға тіл тигізгені үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды
threads

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қарағандылық кәсіпкер әрі блогер Алика Мұхамадиева қазақтарға қатысты даулы пікірлер жариялағаны үшін 3,5 жылға түрмеге кесілді.

Сот үкіміне дейін прокурор оны «ұлт аралық араздықты қоздырды» деп танып, төрт жарым жыл жазасын тағайындауды сұраған. Сараптама жарияланған мәтіндердің қоғамдық шиеленіс тудыруы мүмкін екенін көрсетті.

Соңғы сөзінде Мұхамадиева өкінетінін тағы бір мәрте айтып, ренжіген барлық адамдардан кешірім сұрады:

«Құрметті Сот, өткен мәжілістерде барлық ойымды айттым. Бүгін бәрінен кешірім сұраймын. Өте ұяламын. Менің кінәмді толық мойындап, өкінгенімді және кішкентай қызымның барын ескерулеріңізді сұраймын», — деді ол.

Сот кішкентай қызы барын ескере отырып, үкімді 3,5 жылға тағайындады.

Материал авторы