SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстандағы дауынан кейін танымал болған ресейлік әнші Акмаль Ходжаниязов (Akmal’) тағы да жұрт назарын аударды. Бұл жолы Донецктегі концерте ол ресейлік тумен түсті пакетті сыйлық ретінде қабылдады.
Оқиға Петропавлда өткен концертінен бірнеше күн өткен соң болды. Сол концертте әнші сары-көк пакетті қабылдаудан бас тартып, сахнадан былай деді:
«Мына пакетті өртеп жіберіңдер, түсі маған ұнамайды».
Содан кейін Қазақстандағы оның барлық концерттері билеттер толық сатылғанына қарамастан өтпейтін болды. Продюсер Анастасия Галкина бұл шешімді электр қуаты, су және өрт қауіпсіздігі мәселелері секілді «техникалық себептермен» түсіндірді.
Akmal’ РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында былай деді:
«Біздегі жауынгерлерге сәттілік тілеймін, бәрі дұрыс болсын. Артта не деп айқайлағандары маңызды емес – біз тек мықты боламыз».
Содан кейін әнші Донецк, Луганск және Мариупольде бес концерт өткізді. Донецк қаласындағы Славян мәдениет орталығында жиналған жанкүйерлер арасында бір көрермен оған ДНР туын ресейлік тумен түсті пакетке салып берді.
«Осындай пакеттерге көңілім толады», – деп сахнадан жауап берді әнші.
Akmal’ – түрікменстандық ұйғыр тектес ресейлік әнші. «Из-за тебя», «Вдоль дорог» және «По полюшку» сынды әндерімен кең танымал.
RUS