«Ағай, жіберіңізші» десем де қоймайды»: Астанада хостел иесі бойжеткенді зорламақ болғаны туралы дерек дау туғызды

Азиз Қалижан Редактор
04.11.2025, 10:15
1531
«Ағай, жіберіңізші» десем де қоймайды»: Астанада хостел иесі бойжеткенді зорламақ болғаны туралы дерек дау туғызды Информбюро

Елордада бойжеткен бірнеше рет зорламақшы болғанын айтып шағымданды

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы «Еркежан» тұрғын үй кешеніндегі хостелде түн ортасында бойжеткенді бөлмеден шығарып жіберген видео тарады.

Видеода ер адам қызға дауыс көтеріп, ұялы телефонын жұлып алады да, өзін далаға қуып шығарады. Жәбірленуші видеодағы ер адамның хостел иесі екенін және одан сексуалды қысым көргенін айтты. Бұл туралы 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасы хабарлады.

Қыздың сөзінше, хостел иесі бірнеше рет оның қорғансыз күйін пайдаланып, зорламақ болған.

«Оны қолымнан ұстап 1-қабатқа түсірдік. 8-қабатта болды, секіріп кетеді деп қорықтық. Соттың шешімімен ғана шығару керек еді. Соған байланысты 78 мың теңге айыппұл салынды. Бұл 1–2 ай бұрын болған оқиға», – дейді хостел иесі Жеңіс Қыдыров.

Ал бойжеткен хостел иесінің әрекеттерін нақты сипаттады:

«Өзі шешіне бастайды, менің көйлегімді тартып жыртып тастайды. «Ағай, жіберіңізші» десем де қоймайды. Зорламақшы болды. Мен бұрышқа тығып жылап отырдым, өзі істегінін істеп, киініп кетті... «Кеудең ашық тұрсын, аяғың ашық тұрсын, қазір істейтінімді істеймін» деді», – деп бөлісті жәбірленуші.

Қыз бұл жағдайға полицияға бірнеше рет шағымданған, алайда іс қозғалған жоқ. Хостел иесі болса, айтылғандарды жоққа шығарып отыр:

«Ондай ештеңе болған жоқ. Дәлел болса, көрсетсін. Бұған дейін де жазуға мүмкіндік болды. Менің ойымша, жұмыстан кеткеннен кейін біздің бизнеске қастандық жасап жатыр», – дейді Жеңіс Қыдыров.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан