Атышулы іс: Ақнәрдің ісін Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеуге алған
Марқұмның анасы Ақнәрді қасындағы құрбылары азаптап, терезеден лақтырып жіберді деген еді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 22 жастағы студент Ақнәр Гүлстанның қазасына байланысты қылмыстық істі Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті өз өндірісіне алды. Бұл туралы Kazinform жазды.
ҰҚК Kazinform редакциясының сұрауына берген жауабында:
«Көрсетілген факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп хабарлады.
Ведомство істің қандай бап бойынша тергеліп жатқанын нақтыламады.
Еске салайық, 2024 жылғы 20 шілдеде Алматыда Ақнәр Гүлстан көз жұмған еді. Тергеу нұсқасына сәйкес, ол тұрғын үй кешенінің жетінші қабатындағы пәтер терезесінен құлаған.
Алайда марқұмның анасы Гүлстан Хамит қызының өзіне қол жұмсауы мүмкін емес екенін айтып, оның өліміне үшінші тұлғалар қатысы бар деп есептейді. Анасы әділ тергеуді талап етіп, бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын.
Материал авторы