Халқымыздың ең жиі алатын айлығы – небәрі 116 мың теңге

04.11.2025, 10:46
1188
Халқымыздың ең жиі алатын айлығы – небәрі 116 мың теңге NUR.KZ / Владимир Третьяков

Ал орташа жалақы 448 620 теңге.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда 2025 жылы жұмысшылар жиі алатын жалақы мөлшері белгілі болды. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, биыл модальді жалақы 116 059 теңгені құрайды. Бұл – елдегі орташа айлықтан төрт есеге жуық төмен көрсеткіш.

Жалақы деңгейін бағалауда бірнеше экономикалық өлшем қолданылады. Мәселен, биылғы екінші тоқсанда орташа номиналды жалақы 448 620 теңге деп есептелген. Ал медиандық жалақы – 317 512 теңге. Бұл елдегі табыстың шынайы бөлінісін көрсететін нақтырақ көрсеткіш саналады: жартысы осы сомадан көп, жартысы азырақ табады.

Алайда статистика қызметі ең жиі қайталанатын жалақыны да есептейді. Сол модальді көрсеткіш – 116 мың теңге. Бұл қазақстандықтардың едәуір бөлігі дәл осы шамада айлық алады деген сөз.

Дегенмен аталған сома жыл ішінде шамамен 19 пайызға артқан: 2024 жылы модальді жалақы 97 557 теңге болған. Бірақ сарапшылар бұл өсім инфляцияны толық жаба алмайтынын айтады.

Аймақтар арасында айырмашылық айтарлықтай. Ең жоғары модальді жалақы Шығыс Қазақстан облысында тіркелген – 256 907 теңге. Одан кейін Астана (252 738 тг) мен Алматы (247 385 тг) келеді. Сондай-ақ Атырау облысы (242 995 тг) мен Шымкент (208 179 тг) алғашқы бестікте.

Ең төмен көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (112 745 тг), Түркістан (113 110 тг) және Батыс Қазақстан (113 201 тг) облыстарында байқалған.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, модальді жалақы әлі де орташа және медиандық табыстан бірнеше есе төмен. Бұл Қазақстан азаматтарының елеулі бөлігі мардымсыз жалақыға жұмыс істейтінін және табыс теңсіздігінің жоғары екенін көрсетеді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді