Киік еті дүкен сөрелеріне шықпақ
Киік етін сатуға тыйым салынбағаны белгілі болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин үкімет отырысынан кейінгі брифингте алдағы уақытта киік етін сауда желілері арқылы сату ықтималдығын растады. Алайда нақты мерзім әлі бекітілген жоқ.
Ведомство өкілінің айтуынша, жануарларды союмен айналысатын нысандардың барлығы ветеринариялық бақылауға толық бағынады.
Бердалин киік етінің қауіпсіздігіне қатысты алаңдауға негіз жоқ екенін айтты. Министрлік жануарлардың ауруына тұрақты мониторинг жүргізетінін, қазіргі таңда ешқандай қауіп анықталмағанын хабарлады.
Сондықтан киік етін сатуға шектеу жоқ, оның сапасы мемлекеттік бақылауда.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші