3926

Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Италияны «түгел құлайды» деп қорқытты

Кремльдің риторикасы Еуропаны дабыл қақтырып жатыр.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Италияны «түгел құлайды» деп қорқытты
Вячеслав Прокофьев/ТАСС

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Римдегі Торре деи Конти мұнарасының құлауына қатысты Ресей Сыртқы істер министрлігінің өкілі Мария Захарованың мәлімдемесі Италияда ашу-ыза туғызды. Тарихи нысанның реставрациясы кезінде еңбеккер қаза тапқан апат туралы жазбасында Захарова Италияны толық күйреуге бет алған мемлекет ретінде сипаттады.

Оның пікірінше, «салық төлеушілер ақшасын босқа шашып отырған» Рим экономикасынан бастап, мұнараларына дейін құлауы мүмкін. Осы жазба Италия тарапынан жедел реакция туғызып, елдің Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Римдегі елшісі Алексей Парамоновты түсініктеме беруге шақырды.

Италияның сыртқы саясат басшысы Антонио Таяни Захарованың сөзін «масқара, қабылдауға тұрмайтын» әрекет деп бағалап, Мәскеуден құрмет талап етті. Оның айтуынша, Украинаға қолдау көрсету Римнің Ресейге қиын сәттерде көрсеткен адамгершілік көмегін жоққа шығармайды.

Бұл — Захарованың Италияны нысанаға алған алғашқы мәлімдемесі емес. Бұған дейін ол Италия президенті Серджо Маттарелланың тарихи салыстыруларын «жалған» деп айыптаған. Сондай-ақ, Хиросимадағы сөзінен кейін де Таяни мен қорғаныс министрі Гвидо Крозеттоны қосып, италиялық саясаткерлерді Кремльдің «русофобтар тізіміне» енгізуге себеп болған.

Сарапшылардың пікірінше, Ресей Украинаға басып кіргелі бері Захарова Батыс елдерінің қоғамдық пікіріне қысым жасап, Мәскеудің саясатын агрессивті түрде қорғау міндетін мойнына алған. Батысаудиторияға бағытталған даулы мәлімдемелерінің салдары дипломатиялық қарым-қатынасқа үнемі сызат түсіріп келеді.

Материал авторы