Мас күйде ұсталған судьяның ісі Бас прокуратураға өтті
Судьяның ерекше мәртебесі істі созып жіберді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада көлік тізгінін мас күйде басқарғаны үшін ұсталған судья Әсел Досаеваға қатысты іс Бас прокуратураға жолданды. Бұл туралы елорда сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ақпаратқа сәйкес, Қазақстан Конституциясы мен «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заң бойынша судьяға бірден әкімшілік жаза қолдануға немесе ұстауға тыйым салынған. Мұндай жағдайда материалдар алдымен Бас прокуратураға түсіп, тек содан кейін Жоғары сот кеңесіне ұсыныс енгізіледі.
Алайда іс кімнің құзырында екені әзірге нақты емес. Сот өкілдері «бізге материал келмеді» деп, сұрауды Полиция департаментіне бағыттады. Ал Ішкі істер министрлігі бұрын бұл сауалды сотқа жіберген еді. Осылайша, ведомстволар бір-біріне сілтеп, іс айналып қайта келумен шектеліп отыр.
Қазір Бас прокуратураға ресми түсініктеме беру жөнінде сұрау жіберілді. Қоғам назарын аудартқан оқиға бойынша нақты шешім әлі қабылданбады.
Материал авторы