Халықты қымбатшылық қысты: Үкімет ет бағасын тежеуге тырысып жатыр
Министр орташа бағаны жариялады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда ет бағасының жылдам өсуі қоғамда алаңдаушылық тудырып отыр. Алайда Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров жағдай біртіндеп тұрақтайтынына сендірді.
Министрдің айтуынша, ет бағасы малдың семіздігіне қарай 1700-1800 теңгеден басталады. Қасапханадан шыққан соң бағасы шамамен 3400 теңгеге жетеді. Оған тасымалдау мен сату орнына байланысты қосымша шығындар қосылады.
Сапаровтың айтуынша, Үкімет фермерді де, тұтынушыны да қыспайтын тепе-тең баға қалыптастыруға күш салып жатыр.
Соған қарамастан, Ұлттық статистика бюросының дерегі көңіл көншітпейді: қазан айындағы инфляция есебімен ет небәрі бір жыл ішінде 21,1 пайызға қымбаттаған.
Халық үшін бағадағы «біртіндеп тұрақталу» нақты қашан сезілетіні әзірге белгісіз.
Материал авторы