3778

Құлсарыда 2010 жылы туған қыз табылмай жатыр

14 жастағы Жұлдызай 24 қазанда үйінен шығып кетіп, оралмаған.

Құлсарыда 2010 жылы туған қыз табылмай жатыр
әлеуметтік желіден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысы бойынша полиция департаменті Құлсары қаласында кәмелетке толмаған қыздың жоғалуына байланысты іздеу жариялады. 2010 жылдың 27 қарашасында туған Мұсағалиева Жұлдызай 2025 жылғы 24 қазанда шамамен сағат 17:00-де үйінен шығып, қайта оралмаған.

Полицияның мәліметінше, жоғалған қыздың бойы — орташа. Үстінде қара түсті спорттық костюм мен қара шалбар болған. Аяғында ақ кроссовка, қолында қоңыр сөмке және қара қаптағы iPhone 11 телефоны болғаны айтылады.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды бейжай қалмауға шақырды. Қыз туралы қандай да бір ақпарат болса, бірден 102 нөміріне хабарлау сұралады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері мен еріктілер Жұлдызайды іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Материал авторы