Түлкібас ауданында атыс болып, бір адам қаза тапты

04.11.2025, 17:17
3563
Түлкібас ауданында атыс болып, бір адам қаза тапты pixabay.com

Полиция қанды оқиғаның себептерін анықтап жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Түркістан облысының Түлкібас ауданындағы Көктөрек ауылында түн ішінде қарулы жанжал тіркелді. Оқиға 2 қарашаға қараған түні болған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, атыс салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмған. Тағы үш адам ауыр жарақат алып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайына қажетті көмек көрсетіп жатыр.

Полиция күдіктілердің тұлғасын анықтап үлгерді. Олардың біреуі ұсталып, қамауға алынған. Екінші адамды іздеу жалғасып жатыр. Қылмыстық іс «Адам өлтіру» бабы бойынша тіркелген.

Құқық қорғау органдары оқиғаның нақты себептері мен барысын тексеріп жатыр. Істің тергелуі облыстық полиция басшылығының бақылауында.

Бұған дейін Түркістан қаласындағы ауруханадан қашып кеткен сотталушының кейін танысының үйінен табылғаны хабарланған болатын.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан