Заңсыз ұтыстар ұйымдастырған жұлдыздар мен блогерлер қанша айыппұл арқалады?

04.11.2025, 17:42
4965
Заңсыз ұтыстар ұйымдастырған жұлдыздар мен блогерлер қанша айыппұл арқалады? SMARTNEWS.KZ коллажы

Онлайн ұтыс ойындары үшін 40 млн теңгеге жуық айыппұл салынған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда әлеуметтік желілер арқылы рұқсатсыз лотерея өткізетіндерге қарсы бақылау күшейтілді. Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті онлайн-платформалар мен әлеуметтік желілерді тұрақты түрде тексеріп келеді.

Комитет мәліметінше, жеке тұлғалардан түскен шағымдар мен мониторинг нәтижесінде биыл 89 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 445-1-бабы 6-бөлігін бұзғаны үшін жазаланған.

Рұқсатсыз ұтыс ұйымдастырғандарға ескерту жасалып, онлайн және офлайн форматта түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Сондай-ақ заңсыз конкурс өткізген аккаунттардың толық тізімі министрліктің ресми сайтында жарияланды.

Құқық бұзушылар хаттамамен келіссе – айыппұлды өздері төлейді, келіспесе – іс сотқа жолданады.

Заңға сәйкес, лотерея операторы емес адам ұтыс ойын өткізсе:

жеке тұлғаға – 100 АЕК,

жеке кәсіпкерге – 300 АЕК айыппұл салынады.

Бір жыл ішінде құқық бұзушылық қайталанса:

жеке тұлғаға – 200 АЕК,

шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – 750 АЕК айыппұл белгіленеді.
Түскен табыс толық тәркіленеді.

Комитет дерегінше, жыл басынан бері салынған айыппұлдар көлемі небәрі 40 млн теңгеге жуықтаған.

Танымалдардың «ұтыс дауы»: атақ та құтқармады

Заңсыз ойынға селқос қарағандар арасында шоу-бизнес өкілдері де бар.

Жеке өміріндегі жанжалымен жиі айтылатын әзілкеш Жақсыген Нұрсұлтан — бұрынғы жұбайына алимент төлемеу оқиғасынан кейін тағы да ел назарына ілікті. Бұл жолы — 369 200 теңге айыппұл.

Әнші Абай Бегейдің қызы Ерке Ниязқұлова да әлеуметтік желідегі белсенділігін ақылы ұтыстарға айналдырғандардың қатарында. Ол екі мәрте ұсталып, айыппұл көлемі жалпы есеппен 2 215 200 теңгеге жеткен.

Блогерлікпен байлыққа кенелгендердің бірі — қымбат үйлерімен мақтануға дағдыланған Дархан Жолшыбеков. Отбасылық дауынан бастап миллиард тұратын баспанасын ұтысқа қойып дабыралаған ол да жауаптан қашпады — 393 200 теңге айыппұл.

«Жайдарман» сахнасынан танылғандар да бұл жолы әзілдей алмады. «Миллион» командасы ойыншысы Ерболат — 196 600 теңге, «Тек қана қыздар» қатысушысы Мереке Қалбаева — 589 800 теңге айыппұл арқалады.

Байлығымен желіні шулатқан кей блогерлер де жазасыз қалмады.
justking31 деген атпен танылған контент жасаушы — 1 179 600 теңге,
super.mamasita — 825 720 теңге төледі.

Ел аузында жиі жүретін әнші, продюсер Мөлдір Мұқанова да рұқсатсыз ойын ұйымдастырғаны үшін 589 800 теңгеге жазаланды.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан