АҚШ Сирия президентіне салынған санкцияны тоқтатуды ұсынды

05.11.2025, 09:10
5329
АҚШ Сирия президентіне салынған санкцияны тоқтатуды ұсынды abcnews.go.com

Шешім Ресей мен Қытайдың вето құқығына тірелуі ықтимал.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік кеңесіне Сирия президенті Ахмед аш-Шарааға салынған санкцияларды өтпелі кезеңде тоқтатуды көздейтін резолюция жобасын ұсынды. Құжатта сондай-ақ Сирияның ішкі істер министрі Анас Хаттабқа қатысты шектеулерді алып тастау қарастырылған. Бұл туралы «Reuters» хабарлады.

Қазіргі уақытта жоба қашан дауысқа шығарылатыны белгісіз. Резолюция қабылдануы үшін кемінде тоғыз мемлекет қолдап, Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесі — АҚШ, Ресей, Қытай, Франция және Ұлыбритания — вето қоймауы тиіс.

Ахмед аш-Шарааның алдағы АҚШ сапары жайлы ақпарат қараша айының басында белгілі болды. Бұл Сирия басшысының 1946 жылы ел тәуелсіздік алғаннан бергі Вашингтонға жасайтын алғашқы ресми сапары болмақ. Осы тарихи кездесуге дайындық аясында Германия канцлері Фридрих Мерц Сирия президентін Берлинге шақырып, сириялық босқындарды қайтару мәселесін талқылауды ұсынды.

Сонымен қатар, Сирия билігі Мәскеудегі елшілікті жаңғыртуға кірісті. Алғашқы кезеңде консулдық бөлімге жаңа мамандар қабылдануда. Бұл — паспорт пен виза рәсімдеу үдерісін жеңілдетуге бағытталған қадам. Дереккөздердің айтуынша, Дамаск дипломатиялық өкілдіктің құрамын толық жаңартып, тіпті Ресей астанасында мекенжайын ауыстыруды да қарастырып жатыр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды