"Уылдырық" жедел-профилактикалық алдын алу іс-шарасы аясында Мақтарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері "Охотзоопром" инспекторларымен бірлесіп, заңсыз балық аулау фактісін анықтады.
Оқиға орнынан жалпы 150 келідей сазан балықтары, 1 дана үрмелі резеңке қайығы, 2 дана шанышқы құралы тәркіленді.
Аталған факт ҚР ҚК-нің 335-бабы 3- бөлігі "Балық, ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз алу" бойынша тіркелді.