«Қазақтарға құрмет пе?»: «Интер» клубы «Қайратқа» қарсы ойын қарсаңында қазақша ән қойды
«Интердің» видеосы жанкүйерлер арасында қызу талқыға түсті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Италияның атақты «Интер» клубы «Қайратқа» қарсы ойын қарсаңында әлеуметтік желіге ерекше видео жүктеді. Роликте команда сапында өнер көрсеткен кезінде Диего Симеоне «Милан» қақпасына гол соққан сәт көрсетілген. Бұл кадрға қазақстандық тыңдармандарға таныс Баянсұлудың «Ауа райы» әні қойылған.
Қазақстандық жанкүйерлер бұл жазбаны лезде назарға алып, пікір қалдыруға ағылды. Көпшілігі «Интер» осылайша алдағы қарсыласы — «Қайратқа» ишара жасаған болуы мүмкін деген ой білдірді.
Пікірлер астында қазақ аудиториясының қалжыңы да көп кездесті. «Бәрі біледі, қазақтар кірсе — қаралым көтеріледі», «Бауырсақ пен пицца — бір туған», «Футболда чемпион болмаспыз, бірақ актив көтеруде алдымызға жан салмаймыз» деген жазбалар топ-топ боп жиналды.
Видео қысқа ғана болғанымен, желідегі реакция ұзаққа созылытын түрі бар. Әзірге клуб жағынан арнайы түсініктеме берілген жоқ.
Материал авторы