SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында әйелдің із-түзсіз жоғалғанына он екі жыл болды. Жәния Күлдірова туған-туыстарының үйінен шығып кеткен соң қайта оралмаған. Отбасы оны табуға талпынысын тоқтатпайды.
Қызы Айгүлдің айтуынша, анасы бірнеше күнге келіп, кешқұрым дүкенге баратынын айтып шыққан. Сол кеткеннен хабар үзілген. Туыстары полицияға дереу жүгінгенімен, нәтиже шықпады.
«Анам ешқашан отбасын тастап кетпейтін. Әкемнің сырқаты бізді қатты қажытты. Сондай ауыр кезеңде де ол бәрімізді демеп жүретін» – дейді Айгүл.
Іздеу жылдар бойы жалғасқанымен, нақты дерек табылмады. Бір танысы оны көргенін айтқан, бірақ бұл ақпарат расталмады.
Полиция өкілдерінің мәліметінше, барлық талапқа сай шаралар жүргізілгенімен, әйелдің қайда екенін анықтау мүмкін болмаған. 12 жыл өткен соң іс тоқтатылған.
Үмітін үзбеген қызы қазір өзі ана атанған. Ол қызын әжесімен табыстыруды армандайды.
«Әкем бақилық болды. Енді анамды көрмедім деп өмір бойы өкінгім келмейді. Бір күнде бәрі өзгеруі мүмкін деген сенімім бар» – дейді ол.
RUS