LRT жобасы аяқталуға жақын, бірақ бюджет тағы да 66 миллиард теңге бөлінбек

05.11.2025, 14:33
5426
LRT жобасы аяқталуға жақын, бірақ бюджет тағы да 66 миллиард теңге бөлінбек CTS

LRT-ның құрылысы да бітпей, бюджеті де таусылмай жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасы 2026 жылы іске қосылады деп уәде етілген. Алайда республикалық бюджеттің 2026 жылға арналған жобасында бұл «ұзақ ғұмырлы» нысанға тағы 66 миллиард теңге қарастырылған.

Құжаттарды зерделеген соң бұл ақша жаңа құрылысқа немесе қосымша кезеңге арналмағаны белгілі болды. Астана әкімдігі түсіндіргендей, қаражат тек бұрын атқарылған жұмыстардың қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуге бөлінеді.

Басқаша айтқанда, схема былай жұмыс істейді: мемлекет 66 миллиард бөледі — кейін сол ақша салық түрінде қайтадан бюджетке оралады. Яғни кәдімгі «бюджет ішіндегі айналым», нақты нәтиже жоқ.

LRT тарихы жиырма жылға жуық уақытқа созылды. Ұзаққа созылған құрылыс пен жемқорлық жанжалдары бұл жобаны елдегі ең даулы бастамалардың біріне айналдырды. Президенттің өзі бірнеше рет LRT-ны «мәселелі жоба» деп атаған.

Соған қарамастан, қала билігі оптимизмін жоғалтпай отыр. Әкімдік уәде еткеніндей, әуежай мен вокзал арасындағы желі 2026 жылы іске қосылмақ.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді