Енді телефонмен сөйлесіп тұрып ақша аударуға болмайды

06.11.2025, 09:09
1062
Енді телефонмен сөйлесіп тұрып ақша аударуға болмайды SMARTNEWS.KZ коллажы

Агенттік алаяқтардың қысымын болдырмау үшін жаңа тәртіп енгізді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда телефонмен сөйлесу кезінде банк қосымшалары арқылы қаражат аударуға ресми түрде шектеу қойылды. Бұл талапты Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы алаяқтарынан қорғауды күшейту мақсатында бекітіп отыр.

Fingramota.kz хабарлауынша, соңғы жылдары өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарды жаңылыстыратын қоңыраулар күрт артқан. Алаяқтар «шотыңыз бұғатталды» немесе «қаржыңызды дереу қорғау керек» деп сендіріп, телефонға және банк шоттарына қол жеткізуді көздейді. Жаңа тәртіп осындай қысым жасау тәсілін шектеуге бағытталған.

Қауіпсіздік талаптарының негізгі тармақтары:

Екі факторлы аутентификация міндеттеледі: пароль жеткіліксіз, қосымша растау сұралады.

Жеке тұлғаны биометрия арқылы тексеру енгізіледі.

Күдікті әрекет байқалғанда қосымша автоматты түрде тоқтатылады.

Геолокация бақылауы қосылады: күмәнді аймақтан кіруге тыйым салынады.

Барлық байланыс арналары қосымша шифрланады.

Ең маңыздысы — қоңырау үстінде транзакция жасауға тыйым салу. Бұл алаяқтың нұсқауын орындауға мәжбүрлейтін жағдайды болдырмайды. Агенттік мұндай өзгерістер азаматтардың қаржысын қорғауда шешуші рөл атқаратынына сенімді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды