Астанадағы «Асем» базарында өрт шықты
Базардағы екі дүңгіршек жанып кетті.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астананың Сарыарқа ауданында орналасқан «Асем» көтерме-бөлшек сауда базарында өрт шықты. Оқиға туралы ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігі растады.
Ведомство мәліметінше, Ықылас Дүкенұлы көшесіндегі бір қабатты ангар үлгісіндегі ғимаратта орналасқан екі бутик отқа оранған. Өртті сөндіру үшін жедел штаб құрылып, үздіксіз су беру ұйымдастырылған.
Өрт жоғары деңгейде күрделендірілген режиммен сөндірілуде. Оқиға аумағында 95 қызметкер мен 25 техника жұмыс істеп жатыр.
ТЖМ өртті ауыздықтау қиынға соғып жатқанын айтады. Себебі өртсөндірушілер жеткенде жалын кең жайылып үлгерген, ғимараттың құрылымы мен ішкі материалдар жоғары жанғыштыққа ие, ал қою түтін көру мүмкіндігін шектеген.
Қазіргі таңда өрттің таралуын тоқтату жұмыстары жалғасып жатыр.
Материал авторы