SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық актер әрі сценарист Рүстем Омаров Джеки Чан басты рөлде ойнайтын әйгілі экшн-франшизаның жаңа фильмінде бой көрсетеді. Sәlem Entertainment мәліметінше, ол «Құдай сауыттары: Ультиматум» жобасына ресми түрде қатысады.
Рүстем Омаров бұл жұмыста тек актер емес, сценарий авторларының бірі ретінде де атсалысады. Оның айтуынша, әлемге әйгілі жұлдызбен бірге камера алдында тұру — бала күннен бергі арманның орындалуы.
«Мен үшін бұл – үлкен бақыт. Кішкентайымда көріп өскен тұлғамен бірігіп жұмыс істеу — ерекше сезім», – деді ол.
1986 жылы басталған «Құдайдың сауыттары» дүние жүзінде Джеки Чанның танымалдылығын арттырып, жаһандық боевик жанрында культтық деңгейге жеткен. Жаңа бөлім осы серияның жалғасы болмақ.
Жобаны режиссер Роберт Кун түсіреді. Фильмнің түсірілімі мен премьерасына қатысты нақты деректер әзірге жарияланбады, алайда картинаның әлемдік прокатқа шығуы көптің назарын аударып отыр.
RUS