Google-ден бастап ChatGPT-ге дейін Қазақстан қазынасын толтырып жатыр

06.11.2025, 10:30
1282
Google-ден бастап ChatGPT-ге дейін Қазақстан қазынасын толтырып жатыр SMARTNEWS.KZ коллажы

Қазақстан жаңа салықтан миллиардтап пайда көрді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитеті «цифрлық қызметтер салығы» енгізілгелі бері шетелдік интернет-компаниялар ел бюджетіне 118,4 млрд теңге аударғанын хабарлады. Бұл арнайы салық халық арасында «Google салығы» деген атпен белгілі.

Цифрлық қызметтен түсетін қосымша құн салығы 2022 жылдың 1 қаңтарынан бері қолданыста. Яғни, Қазақстан аумағында онлайн қызмет ұсынатын немесе интернет арқылы тауар сататын шетелдік компаниялар осында тіркеліп, 12 пайыздық салық төлеуге міндетті. Мақсат — отандық IT бизнес пен сырттан келетін интернет-алаңдардың бәсекесін теңестіру.

Қазір елде 118 шетелдік компания есепте тұр. Олардың қатарында әлемге әйгілі сервистер де бар. Биыл тағы 20-сы тіркелген, ішінде шахмат платформасы Chess.com, ChatGPT жасаушысы OpenAI, дизайн құралы Canva, сондай-ақ Microsoft пен Canyon бар.

Салық түсімінің өсімі айқын: 2025 жылдың басынан бері 48,6 млрд теңге жиналған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 млрд теңгеге көп.

2025 жылғы ең ірі төлеушілер:

Valve — 8,6 млрд теңге

Apple — 8 млрд теңге

Temu — 6,2 млрд теңге

Дүниежүзілік үрдіс те осы бағытта. Еуропалық одақта бірыңғай электронды салық жүйесі қолданыста. Ұлыбритания, Канада, Үндістан цифрлық алым енгізген. Жапония, Сингапур және Австралия да сырттан қызмет ұсынатындарға жеңілдетілген тіркеу тәртібін енгізген.

Көрші елдер де қозғалысқа түсті: Өзбекстан 2020 жылдан бері, Қырғызстан 2022 жылдан бері шетелдік интернет-компаниялардан салық жинап келеді. Ресей 2024 жылы 18 пайыздық мөлшерлеме енгізді.

Комитеттің мәлімдеуінше, Қазақстан моделі халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді және цифрлық экономиканың реттелуін қамтамасыз етеді. Бұл шешім бюджет түсімін арттырып қана қоймай, шетелдік платформалардың жұмысын ашық етіп, отандық IT компаниялар үшін әділ бәсеке орнатты.

Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан