Астанадағы LRT-ға қызметкерлер қабылданып жатыр
Жұмыс іздеген мамандарға мүмкіндік берілмек.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы жеңіл рельсті көлік жүйесіне кадр дайындау ресми басталды. «City Transportation Systems» компаниясы LRT желісінде қызмет атқаратын мамандарды іріктеуге кіріскенін мәлімдеді.
Компания келесі бағыттар бойынша үміткер қабылдайды:
– станция ауысымдарының басшылары;
– станция кезекшілері;
– қозғалыс диспетчерлері;
– орталықтандыру бекеті диспетчерлері;
– инфрақұрылым және жабдықтарды басқару орталығы диспетчерлері;
– дабыл жүйесі техниктері;
– байланыс техниктері;
– электрмонтерлер;
– жол жөндеу шеберлері;
– жабдық жөндеу слесарьлары;
– қойма меңгерушілері.
Компанияның айтуынша, болашақ қызметкерлерді кәсіби даярлау толық жұмыс беруші есебінен жүргізіледі. Теориялық және практикалық оқыту Қазақстанда да, Қытайда да өтеді.
Оқу мерзімі мамандыққа қарай 4 айдан 6 айға дейін созылады. Бағдарламаны аяқтағандарға халықаралық сертификат беріледі және олардың барлығы LRT бөлімшелеріне жұмысқа қабылданады.
Үміткерге қойылатын негізгі талаптар:
– көлік, машина жасау, электр техникасы немесе сәйкес техникалық бағытта жоғары не арнаулы білім;
– кемі екі жылдық жұмыс тәжірибесі.
Біліктілік талаптарының толық тізімі cts.gov.kz сайтында жарияланған. Түйіндеме де сол портал арқылы қабылданады.
Материал авторы