TikTok жыл сайынғы «Қазақстан Мұғалімдері» байқауының басталғанын жариялайды

06.11.2025, 11:06
8350
TikTok жыл сайынғы «Қазақстан Мұғалімдері» байқауының басталғанын жариялайды TikTok

Қысқа бейне роликтер жасау мен көрудің жетекші платформасы TikTok «Қазақстан Мұғалімдері» байқауын жариялайды. Елімізде төртінші рет өткізіліп отырған бастама аясында платформа еліміздің барлық педагогтарын өз пәндері бойынша қысқа танымдық бейне роликтер форматында білімдерімен бөлісуге шақырады.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі бастаманың дәстүрлі серіктестері болып табылады. Жобаны мемлекеттік мекемелердің қолдауы платформаның кең аудитория арасында білімді танымал ету ісіндегі маңызды рөлін айқындап, TikTok-тағы педагогтар қауымдастығының дамуына ықпал етеді.

Төрт жыл бойы конкурс өткізу барысында Қазақстанда мектеп мұғалімдері, колледж оқытушылары және жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамын біріктірген білім беру контенті авторларының мықты қауымдастығы қалыптасты, ал жалпы бейне роликтер саны 90 мыңнан асты. Бұрынғы жеңімпаздар – Ботагөз Омарова, Хайдар Мурзахметов, Байболат Сейдахан, Евгений Солоницын – өз үлгісімен қысқа бейне ролик форматындағы танымдық контенттің қызықты әрі миллиондаған қаралым жинай алатынын дәлелдеді.

«Бұл байқау ұстаздың ықпалы сынып шегінен әлдеқайда асып түсетінін дәлелдеді. TikTok-та жас та, ара қашықтық та маңызды емес – өзін көрсете алатын мүмкіндік бәріне бар. Мен шалғай ауылда тұрамын, бірақ бұл платформа маған өз дауысымды жеткізуге мүмкіндік берді. Өз тәжірибең мен біліміңді онлайн бөліскенде, сен тек оқытпайсың – ата-аналарға, оқушылар мен әріптестерге өз пәні мен мамандығына жаңа көзқараспен қарауға жол ашасың. Мен әрбір педагогтың TikTok-та өзгелерге шабыт сыйлай алатын өз тарихы бар екеніне сенемін», – дейді Алакөл облысының Достық ауылындағы орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ботагөз Омарова.

Ботагөз 2023 жылы «Қазақстан Мұғалімдері» байқауында жеңімпаз атанып, биыл TikTok-тың Discover List тізіміне енген алғашқы қазақстандық контент авторы болды. Бұл жаһандық тізім – платформаны дамытып, адамдарға шабыт беріп жүрген үздік авторларды біріктіреді.

Байқауға қатысу үшін педагогтер мен жоғары оқу орындарының оқытушылары 19 қарашаға дейін жоба парақшасында өтінім беріп, #УчителяКазахстана хэштегімен кем дегенде бір бейне ролик жариялауы қажет. Роликтер танымдық сипатта болып, автордың оқытатын пәніне сай келуі тиіс. Автордың бейне ролигі 1 000-нан астам қаралым жинаған жағдайда, ол өз профилі үшін эксклюзивті жиекке ие болады. Ал бейне ролигі 5 000-нан астам қаралым жинаған қатысушылар үш iPhone 17 ұялы телефонының бірін ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Жеңімпаздар аудиторияның белсенділігі мен тартылу деңгейі негізінде анықталады. Толық ережелер TikTok қосымшасындағы байқау бетінде қол жетімді.

«Біздің жобамыз көптеген міндеттерді шешеді: педагог мамандығын насихаттайды, оқытушыларды цифрлық контент жасауды меңгеруге ынталандырады, оларға өздерін танытып, аудиториясын сынып шеңберінен тыс кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, миллиондаған қолданушыларға беделді білім иелерінен үйренуге жол ашады. Биыл да бұл жоба Қазақстан білім беру саласының жаңа тұлғаларын ашып, олардың шығармашылық әлеуетін көрсететініне сенімдіміз», — деді TikTok компаниясының Түркия, Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша операциялық бөлім басшысы Мелис Чаглар.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды