Лифтіде жасалған пранктың құрбаны денсаулығы күрт бұзылғанын айтты

06.11.2025, 11:20
3322
Лифтіде жасалған пранктың құрбаны денсаулығы күрт бұзылғанын айтты КТК

Психологиялық соққы алған жәбірленуші қазір лифтіге мінбейтін болған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстан тұрғыны Еркебұлан Жексенбеков бензин арамен ұйымдастырылған қауіпті пранктан кейін әлі есін жия алмай жүр. Айтуынша, сол оқиғадан соң тұтыға бастады, ал лифтіден өлердей қорқатын болғандықтан, күн сайын көпқабатты үйдің баспалдағымен жаяу көтеріледі.

Ер адамның сөзіне қарағанда, оқиға қонақтан қайтып келе жатқан түнде болған. Лифт есігі жабыла бергенде, қолында қосулы бензин арасы бар адам баса-көктеп кірген. Құралдың майы шашылып, оның киімін былғап үлгерген. Есеңгіреп қалған жігіт екі күн бойы өз-өзіне келе алмағанын айтады.

Полиция дерегінше, осы пранктің авторы мұндай заңсыз әрекеті үшін бұған дейін екі мәрте әкімшілік жазаға тартылған. Соған қарамастан, әлеуметтік желілерде адам өміріне қауіп төндіретін видеолар әлі де таралуда.

Психологтар мұндай әрекеттердің психикаға тікелей соққы екенін айтады. Мамандардың бірі, Алтыншаш Матаева, өз тәжірибесінде осындай құрбандармен жұмыс істегенін жеткізді. Оның айтуынша, үрей, ұйқысыздық, қорқыныш ұзаққа созылуы мүмкін, сондықтан кәсіби көмек қажет.

Ішкі істер министрлігі қауіпті пранктердің көбеюін жасырмайды. Ал Мәжілісте қоғамға қауіп келтіретін «әзілкештерге» жауапкершілікті күшейту ұсыныстары талқыланып жатыр.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады