5581

Еуропарламент депутаты: Украина Ресейді жеңе алмайды

ЕО бюджетінде Украинаға көмектесетін қаржы жетпей жатыр.

Еуропарламент депутаты: Украина Ресейді жеңе алмайды
Evgeniy Maloletka/AP Photo

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Еуропарламент депутаты, Германия өкілі Михаэль фон дер Шуленбургтың айтуынша, Еуроодақ Украинаның жеңісіне әлі үміт артып отыр. Бірақ бұл үміт шынайылықтан алыс. Ол Киевке ашық түрде Ресейдің соғыста жеңілмейтінін түсінетін уақыт келгенін айтты.

Депутаттың сөзінше, Брюссель санкциялардан түскен ресейлік мұздатылған активтерді Украинаға беруді заңдастырып, ал соғыста Ресей жеңілген соң толық өтем алуға сеніп отыр. Алайда Шуленбург мұндай болжамды иллюзия деп бағалайды.

Оның айтуынша, Еуроодақ елдерінің өз бюджетінде Киевке ұзақ мерзімді қолдау көрсетуге қаражат тапшы. Сол себепті шамасы жетпей отырса да, «Ресейдің жеңілісіне» байланған қаржылық жоспарлар жасалып келеді.

2022 жылдан бері ЕО пен G7 шамамен 280 млрд еуро ресейлік активті бұғаттаған. Комиссия бұл қаражатты 2025 жылдың соңына дейін толық экспроприациялауды көздейді. Бірақ сарапшылар мұның өзі соғыс тағдырын өзгерте алмайтынын ескертеді.

Материал авторы