Астанада мас ер адам лифті тепкеннен кейін шахтаға құлады
Апатты лифтке тұрғындар талайдан бері шағымданып келген.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанадағы «Сығанақ» тұрғын үй кешенінде мас күйдегі ер адам лифт есігін теуіп, өзі шахтаға құлап түсті. Көргендердің айтуынша, лифт ұзақтан бері істемей тұрған, тұрғындар ескерткеніне қарамастан, ол қырсығып есікті тепкен. Есік ашылған сәтте астында лифт болмаған.
Оқиға түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тез тарап кетті. Кей пікір жазушылар бұл оқиғаны «құдайдың тез жазасы» деп бағаласа, енді бірі тұрғын үйдегі қауіпсіздік мәселесін көтерді.
Құтқарушылар келіп, жарақат алған азаматты шахтадан шығарып, дәрігерлерге тапсырды.
Үй тұрғындары лифт бұзылуы мұнда жиі қайталанатынын айтады. Олар бірнеше мәрте басқарушы компанияға шағымданғанымен, нәтиже шығуы баяу.
Бұл жағдай тұрғын үй қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапсыздықты тағы да көзге шұқыды.
Материал авторы