Қытай хакерлерінің дербес компьютерінен Қазақстанның жасырын хаттары табылды

Аиса Махамбет Редактор
06.11.2025, 12:29
4508
Қытай хакерлерінің дербес компьютерінен Қазақстанның жасырын хаттары табылды SINGAPORE POLICE FORCE

Сингапурда тұтқындалған хакерлер ноутбугінен Қазақстан құжаттары шықты

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сингапурда ұсталған үш Қытай азаматының ноутбуктерінен бірнеше елдің мемлекеттік органдарына қатысты құжаттар мен хат-хабар табылды. Сол елдердің қатарында Қазақстан да бар. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.

33 жастағы Лю Юци есімді күдіктінің құрылғысынан Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қызметкерлері арасындағы құпия хат табылған. Оның мазмұны әзірге жария етілмеді.

Тергеу мәліметі бойынша, Лю Юци, Янь Пэйцзянь және Хуань Циньчжэн халықаралық қылмыстық топқа жұмыс істеген. Олар мемлекеттік жүйелерге еніп, құпия ақпарат жинауды мақсат еткен. Құрықталған кезде олардың құрылғыларынан жүздеген зиянды бағдарлама, соның ішінде бөтен компьютерлерді толық басқаруға мүмкіндік беретін RAT құралдары анықталды. Сондай-ақ PlugX атты зиянкес бағдарлама да табылған — мұндай бағдарламаны әдетте мемлекеттік құрылымдарға байланысы бар хакерлік топтар қолданады.

Яньның ноутбугінде Австралия, Аргентина және Вьетнам мемлекеттік сайттарының әлсіз тұстары талқыланған хаттар сақталған. Ал Хуаньда филиппиндік энергетикалық компания клиенттерінің жеке деректері табылды.

Сингапур соты 5 қараша күні хакерлерді екі жыл бес айға бас бостандығынан айырды.

Қазақстандық мемлекеттік органдар бұл жағдайға қатысты әзірге ресми түсінік берген жоқ.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды