Әншілердің табысы қысқара ма? Сенат авторлық құқық туралы даулы заңды өткізді

06.11.2025, 13:27
6096
Әншілердің табысы қысқара ма? Сенат авторлық құқық туралы даулы заңды өткізді Freepic.com

Заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Сенат зияткерлік меншік саласын толық жаңартатын заңды қабылдады. Құжат авторлық құқық, патент және тауар белгісі жөніндегі рәсімдерді жеңілдетуді көздейді. Алайда бұл өзгерістер өнерпаздардың табысына кері әсер етуі мүмкін деген алаң бар.

Заңға енгізілген түзетулер телерадио компаниялардың айрықша құқықтарын нақтылайды, көру қабілеті бұзылған азаматтарға шығармаларға кеңірек қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Сонымен бірге тауар белгісін тіркеу мерзімі айтарлықтай қысқарады: бастапқы сараптама – он жұмыс күні, толық сараптама – үш айда аяқталуы тиіс.

Кез келген өтінім ерте кезеңде-ақ кері қайтарылуы мүмкін. Патенттік өкілдерге де жаңа талаптар енгізілді.

Даулы тұстың бастысы – авторлық құқықтарды басқарудың бірыңғай цифрлық платформасы. Оны Әділет министрлігіне қарасты Зияткерлік меншік ұлттық институты әзірлеп жатыр. Платформа арқылы туындының кім, қайда, қалай пайдаланғаны бақыланып, сыйақы төлемі соған сәйкес жүргізілмек.

Ресми түсіндірмеде бұл жүйе ашықтықты арттырып, құқық иелеріне төленетін қаржының әділ бөлінуіне ықпал етеді деп көрсетілген.

Бірақ бес халықаралық ұйым Қазақстанның бағытына қарсы шықты. Олар жаңа модель елді әлемдік құқық қорғау жүйесінен алшақтатуы мүмкін деп ескертеді. Өнер иелерінің шетелден қаламақы алу мүмкіндігі шектелуі ықтимал. Сондықтан сарапшылар заңды қабылдауды тоқтатып, механизмдерді қайта қарауға шақырған.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады