Оқиға салдарынан 6 адам зардап шеккен еді. Оның үшеуі оқиға орнында көз жұмған. Ал 3 тұрғын жағдайының ауырлығына байланысты жедел жәрдем қызметімен жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген.
Соның ішінде облыстық балалар ауруханасы мен перинаталдық орталыққа жеткізілген екі науқас ауыр жарақаты салдарынан көз жұмды.
Шымкент денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қалалық клиникалық ауруханасына жатқызылған 2005 жылғы қыздың жағдайы қалыпты.
Еске салайық, кеше, 8 сәуір кешкі сағат 18:30 шамасында Шымкенттегі "Метро" сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында жүргізушісі жоқ автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында тұрған 6 адамды қағып кеткен.