4424

2026 жылғы ораза қашан басталады?

Мүфтият 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті.

2026 жылғы ораза қашан басталады?
wikimedia.org

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, ҚМДБ 2026 жылғы діни күндер кестесін жариялады.

Рамазан айы келесі жылы 19 ақпанда басталады. Осы күннен бастап мұсылмандар ораза ұстайды. Қадір түні 16-нан 17 наурызға қараған түнге белгіленді. Ораза айт мерекесі 20 наурыз күні, жұмаға сәйкес келеді.

  1.  

Сондай-ақ Құрбан айт мерзімі де нақтыланды. 27, 28, 29 мамыр — Құрбан айт күндері болып бекітілді.

Мүфтият мәліметінше, күнтізбе халықаралық астрономиялық есепке сәйкес әзірленген. Қажет болған жағдайда айдың шығуына байланысты мерзімдер нақтылануы мүмкін.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор