SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, УЕФА «Қайрат» клубының қақпашысы Темірлан Анарбековтің «Интерге» қарсы ойында көрсеткен тамаша сейвін үздік сәттердің топтамасына енгізді.
Алматылық команда мен Милан клубы арасындағы кездесуде Анарбеков Пио Эспозитоның қақпаның алыс бұрышын нысанаға алған қатты соққысын кері қайтарды.
Осы эпизод Еуропалық футбол ұйымының назарын аударып, таңдаулы сейвтер қатарында жарияланды. УЕФА жанкүйерлерден үздік қақпашылық әрекетті анықтау үшін дауыс беруді де ұсынған.
Пікір қалдырған қазақстандық жанкүйерлер қақпашыны қолдап, оның реакциясы мен батылдығын жоғары бағалады.
Анарбеков бұған дейін де Лига матчтарында үздік қақпашылар арасынан көрінген.
Айта кетейік, Миланда өткен ойын 2:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.
RUS