3579

Өскеменде көпқабатты үй ауласынан мәйіт табылды

Күдікті жедел қолға түскен.

Өскеменде көпқабатты үй ауласынан мәйіт табылды
Daria Kulkova / Getty Images/iStockphoto

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өскеменде 57 жастағы ер адам өлтіріліп, оқиға бойынша күдікті ұсталды. Бұл ақпаратты Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаменті растады.

4 қараша күні қаладағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабар түскен. Жедел іздеу шараларының нәтижесінде күдікті бірден анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қылмыс тұрмыстық жанжал салдарынан болуы мүмкін деген алдын ала болжам бар. Тергеушілер оқиғаның барлық жай-жапсарын анықтап жатыр.
Кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Материал авторы