Алматыда анасының көзінше 7 жастағы қызды басып өлтірген

Аиса Махамбет Редактор
06.11.2025, 17:51
4087
Алматыда анасының көзінше 7 жастағы қызды басып өлтірген бейнежазбадан

Жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүргізуші жазаланды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда жаяу жүргіншілер өткелінде жеті жастағы қыздың өмірін қиған жол апатына нүкте қойылды. Қайғылы оқиға биыл сәуірде Алатау ауданында болған. Баланың қасында анасы тұрған. Көлік жүргізушісі уақытында тоқтай алмай, қызды басып өткен.

Сот дерегінше, «Ситрак» маркалы жүк көлігін тізгіндеген азаматқа Қылмыстық кодекстің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, адам өліміне әкелу бабымен айып тағылды. Ол екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды. Бұған қоса бес жыл бойы көлік жүргізу құқығынан шеттетілді.

Апелляциялық алқа үкімді өзгеріссіз қалдырды, тек материалдық шығынды өтеу бөлігінде түзету енгізді.

Полиция мәліметіне сүйенсек, бүлдіршін жолды белгіленген жерде өткен. Қауіпсіз деп саналатын өткелде баланың қаза табуы қоғамда жолдағы жауапкершілікке қатысты сұрақтарды қайта көтерді.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды