SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Әлемге танымал актриса әрі БҰҰ Босқындар агенттігінің ізгі ниет елшісі Анджелина Джоли 5 қарашада Николаев пен Херсонға күтпеген сапармен барды.
Legacy of War қоры ұйымдастырған сапар барысында ол медицина қызметкерлерімен, еріктілермен және жергілікті тұрғындармен жүздесті.
Қор таратқан мәлімдемеде Джоли Украина халқының қауіпті жағдайда өмір сүрсе де берілмей келе жатқанын айтты. Оның сөзінше, төртінші жылға созылған қақтығыс адамдарды қажытқанымен, олардың қайсарлығын сөндірмеген. Тұрғындар қауіпсіздік пен қалыпты өмірге қайта оралуға үміт артады.
Бұл — Джолидің Украинаға екінші сапары. Ол 2022 жылы Львовта да гуманитарлық миссияға қатысып, жараланған балалар мен еріктілерге барған болатын.
Бірақ осы жолғы визит күтпеген оқиғамен есте қалды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, актрисаның сапары туралы ел билігі алдын ала хабарланбаған. Сол себепті қауіпсіздік қызметі оның көлігін тоқтатып, кортеж қатысушыларының бірін құжаттары болмағаны үшін әскерге шақыру пунктіне әкеткен.
Желіде тараған бейнежазбада Джолидің ұсталған адамға араша түсуге тырысқаны көрінеді. Ал украин басылымдары дереккөзі 1992 жылы туған жүргізушінің әскери есеп құжатынсыз жүргенін, оның резервтегі офицер екені анықталғанын мәлімдеді. Мобилизациядан шегерімге дәлелі болмағандықтан, ол әскерге шақыру орталығына жеткізілген.
Дереккөз мәліметінше, Джоли де, оның өкілдері де бұл процессқа араласуға тырыспаған.
RUS